Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«Әлімжеттікке тап болсаң өзіңді қалай ұстауың керек?

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі» КММ
2024 жылдың 11 қаңтар күні 8 сынып оқушыларына жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылықты, буллингті, ақша бопсалауды болдырмау, әлімжеттік жасау –әлсіздік екендігін ұғындыру, жасөспірімдер арасында қылмыстың алдын алу мақсатында «Әлімжеттікке тап болсаң өзіңді қалай ұстауың керек? , тақырыбында бейнеролик көрсетілді. Әлімжеттік көрсету –қылмыс болып табылады. Әсіресе жасөспірімдер арасында қазіргі таңда Буллинг», «Кибербуллинг» мәселелері кездесіп жатады. Осындай жағдайда кім болса да үнсіз қалмай міндентті түрде үлкендердің көмегіне жүгінулері керектігі ескертіліп отырылады. Кез-келген жағдайда жасөспірімдер ата-анасына, сынып жетекшісіне, мектеп психологының көмегіне жүгіне алады. Оқушылар бұл бейнероликтен көмек сұрау арқылы қылмыстың, құқық бұзушылықтың алдын ала алатындағы, және кез келген адам әлімжеттікке тап болуы мүмкін екендігін білді. Осы жағдайда ерексектер мәселені ушықтармай дұрыс шешуді білетіндігі айтылды. Бейнероликтен кейін кері байланыс жасалды. Әр оқушы өз ойын ортаға салды.
Мектеп педагог – психолог: Толеубекова М.С


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Сообщества | Показать все

Полезное