Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Новости

1-11 сынып ата-аналарымен «Көктемгі каникул кезіндегі оқушылардың қауіпсіздігі» тақырыбында жиналыс өткізілді.

20.03.2024 күні сағат 17.00-де «№5жалпы білім беретін мектебі»КММ-де 1-11 сынып ата-аналарымен «Көктемгі каникул кезіндегі оқушылардың қауіпсіздігі» тақырыбында жиналыс өткізілді. Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды.
1. Каникул уақытындағы бала қауіпсіздігі.
2. Интернеттегі ақпараттық қауіпсіздік «Буллинг» қауіпі.
3. Кәмелеттік жасы толмағандардың түнгі мезгілде көшеде заңды өкілсіз жүруі.
Бірінші мәселеде ата-аналар міндеттері, жол-көлік қауіпсіздігі, су, өрт ,терезе қауіпсіздігі туралы айтылды . Екінші мәселеде әлеуметтік желіде қауіпті түрлі ойындар бар екендігі туралы, әлеуметтік желісі арқылы аудио-видео жазбаларымен балаларға, жасөспiрiмдердiң өмiрлерiне қауіп төніп тұрғандығы хабарланды. Аталған ойында, балаға шегi белгiciз тапсырмалар беріліп, психологиялық керi әсерін беріп, өміріне қауіп төнуі мүмкін екені түсіндірілді. Сондықтан балалардың қолданыстағы ұялы телефонын күнделікті тексеріп, шектеу қою қажет екендігін ескертілді. Үшінші мәселеде жасөспірімдердің көшеде заңды өкілсіз жүруге болмайтындығы ескертілді.


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Сообщества | Показать все

Полезное