Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«Ағыбай батыр атындағы оқушылар сарайы» КМҚК ұйымдастыруымен «Жас Қыран» ұйымының құрамына қабылдау рәсімі өткізілді.

2024 жылдың 04 мамыр күні «Ағыбай батыр атындағы оқушылар сарайы» КМҚК ұйымдастыруымен «Жас Қыран» ұйымының құрамына қабылдау рәсімі өткізілді. Жас қыран ұйымына қабылдау мақсаты: өскелең ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру. Бүгінгі күні қаламыздың барлық мектептерінің ең үздік, ең үлгілі, мықты деген оқушылары «Жас Қыран» ұйымының қатарына қабылданды. Мектеп Парламенттінің президенттері және «Жас Ұлан» өкілдері ұйым қатарына жаңадан қабылданған оқушыларға көк галстукпен төс белгі тақты. «Жас қыран» ұйымы мүшелерінің антын оқу құрметі ЖББ №9 мектептің оқушысы Мұратқан Әйгерімге берілді. Мектебімізден 3 ә сынып оқушысы Мұсахан Сабина "Жас қыран " қатарына қабылданды . Қабылданушылар патриот болуға, ел мен жерді, ата-ананы қадірлеуге, оқуда озат, еңбекте адал болуға, табиғатты аялауға ант берді.    Жетекшісі аға тәлімгер:Айтқұл Л.Ж 

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Сообщества | Показать все

Полезное