Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«Үздік жыл психологы» республикалық байқауы

2024 жылдың 4-6 наурыз күндері Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы білім беру ұйымдарының психологтары арасында «Үздік жыл психологы» республикалық байқауын өткізді.

         Қарағанды облысынан 6 педагог-психолог, байқаудың облыстық кезеңінің жеңімпаздары: Смағұлова Жансая Бауыржанқызы, Теміртау қаласы «№12 ЖББМ» КММ; Шаймерденова Арайлым Бағланқызы, Нұра ауданы «Р. Асубаев атындағы ЖББМ» КММ; Халманова Наталья Николаевна, Теміртау қаласы «№21 ЖББМ» КММ; Кенған Гүлмира Қайырбайқызы, Ақтоғай ауданы, «А. Бөкейхан атындағы тірек мектебі (ресурстық орталығы)» КММ; Серикова Сауле Канатовна, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК; Колесова Людмила Дмитриевна, Теміртау қаласы «№1 ЖББМ» КММ қатысты.

         Байқауға қатысушылар қазылар алқасына авторлық бағдарламалар ұсынды. 2 санаттағы байқау жұмыстарын бағалау қорытындысы бойынша (жұмыс өтілі 5-7 жыл) І дәрежелі дипломмен Халманова Наталья Николаевна, Теміртау қаласы «№21 ЖББМ» КММ педагог-психологы марапатталды;

3 санаттағы (жұмыс өтілі 7 және одан көп жыл) ІІ дәрежелі дипломмен Серикова Сауле Канатовна, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК педагог-психологы марапатталды; 3 санаттағы (жұмыс өтілі 7 және одан көп жыл) Теміртау қаласы «№1 ЖББМ» КММ педагог-психологы Колесова Людмила Дмитриевна грамотамен марапатталды.

Сонымен қатар байқаудың барлық қатысушыларына сертификат табысталды.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Сообщества | Показать все

Полезное